«Арақ бүкіл бәленің көзі»

Арақтың дәмін 28-29 жас аралығында татып көрдім, бірақ мен араққұмар, ішкіш болып кетем деп еш ойлаған емеспін. Араққұмар ішкіштерді жек көретінмін, жиіркенетінмін, оның себебі бар..

Менің есімім Шынар, мен алкоголикпін, жасым 50 де, үш балам бар, әзірге Құдайдың берген сыйы деп білем, тәтті үш немерем бар. Отбасымыз да арақты қуып ішкен ешкім жоқ, мектепте жақсы оқыдым, алғыр, жігерлі, беделді, өз өзіме тұра алатын, қыз болып өстім. Спортты өте жақсы көрдім.

Тұрмысқа шықтым, дұрысын айтқан да, бір екі рет көрген жігіт, алып қашты, жақсы отбасынан екен, бірақ араққа жақын екен. Арақ ішсе, есін білмей қалады, бәрін қиратады, екінші күні кешірім сұрайды. Сол арақтың кесірінен екі рет сотталып шықты. 7 жыл шыдап, арағын қоймаған  соң, ажырасуға, тіпті басқа қалаға үш кішкентай шиеттей балаларымның болашағын ойлап, қашып кеткем. Басымда баспанам жоқ, не ақшам жоқ, жаным да тек жанашыр 70жасқа таянған кемтар анам бар. 1995 жыл, СССР дің құлаған кезі, қиын кез, пәтер жалдап, базарға саудаға шықтым, әрбір тапқан тиынымның қадірін біліп, 5-6 жылдың аралығында 3 бөлмелі пәтер, саудам жайнап, үлкен көтерме сауда орнына айналды. Бәрі жақсы, бір ғана,  ,, қап, әттеген ай, болмаса, мен базарда күн суық деп, не біреудің туылған күні деп, ішкілік ішіп үйрендім. Басында аздап ішсем, кейін кейін үдей бастады, таңертең бас жазбасам, жұмыс істей алмайтын халге жеттім. Нағыз менің балаларым10-14жас аралықтарын да, мен нағыз араққұмар алкоголикке айналдым. Нағыз балаларыма керек кезінде, мен «қу арақтың» шырмауына іліндім, мен бұл басымнан өткен жағдайды мақтанайын деп айтып отырғаным жоқ, өзім осы жағдайдан өтпесем, мен ішкілікке салынып кеткен  адамдар  жөнінде, сол баяғы жек көрген ойым да қалар едім, ал қазір менің өмірлік тәжірибем біреуге болмаса, біреуге көмектесер ме екен деген, оймен жазып отырмын. Менің ойымды, санамды арақ  жайлап кетті, арақсыз тұра алмайтын болдым, 3 ай ішпей, бір жүз грамм аузыма тидіме, тоқтай алматын жағдайға жеттім, басын да 5-6 күн, кейіннен 15күндеп тоқтай алмайтын болдым. Бауырларым, ағайын, туған таң қалды, қалай өзі осы күйеуінің ішкенінен қашып келмеп пе еді, тырнақтап жинағанын, өзі құлатып жатқаны несі, бұған тіл көз тиді, біреу дуа істеткен, емші, балшы бәрін аралатты, пайда болмаған соң, мешітке жүгірдім, психолог, наркология диспансері, кодированиенің түр түрі, білмеймін еш қойғыза алмады. Талай жыладым, менің құлқыным қашан толады деп. Бір күні кіші қызым, университетте оқитын, каникулға келді, намаз оқып жүр екен, менің ішкілікті қоюға ниетім бар екенін көріп, сізге намазға жығылу керек деді, бір ай ораза ұстап, намазға жығылдым,, 5 ай оқып жүргенім де, Жаратқан Тәңірім кешірсін, бөтелкелес болған ескі досым келді бөтелкесімен, жоқ тағы да тұра алмадым, тағы да, 15 күн шөлмектің құрсауын да кеттім, Жыладым, Құдайдан сұрандым, бұлай қор болған ша… деп. Басқа қаладан кәрі әжем, мен туралы естіп, келіп алып кетіп, үйіне апарып ескі емдермен емдеді, тіпті, болмағасын алдыма,, Қасиетті Құран ды, қойды, оқы, деді, ана дүниеде не тосып тұрғанын білесің деп, алғашқы рет көп жылдан бері, сонда 6 ай ішпедім, сайтан алғыр, ой қайтадан сап ете қалды, тағы бір құты пиводан басталған, 8  күндік ішкіліктен кейін, маған қорқыныш ұялады, бар байлығым, бар асылым балаларымның, сенімінен  баяғыда айрылғанмын, ұлым үш жыл болды, сөйлеспегеніне, енді жанашыр екі қызымнан  айрылсам, өмірдің мағынасы неде, деп, бұл қу, сұм арақты жеңе алмайтынымды  мойындап, үлкен қызым мен күйеу бала ма келдім, өз балаң жарайды ғой көріп жүрген, күйеу  баланың алдын да басымды көтере алмай, жер болсам да, жаман атақпен кеткен ше, дейді, не болмаса,, ауыруын жасырған, өлер, демекші, көмек сұрадым. Қазіргі жастар білімді ғой, оның Айналайын балапандарым, қолдарын қусырып отырған жоқ екен, қызым ертеде бір американдық кино көріпті, сонда қатты ішкілікке салынып кеткен адамдар, сол жерде ашылған,, Анонимді алкоголиктер Достастығы тобына барып, сол жерден сауығып кетіп жатқанын көрдім, сұрастырсам осы Нұр-Сұлтан қаласын да да, сол Достастық ашылыпты, барасыз ба деді. Менің өмірім өзі де қыл үстін де тұрған, қайда апарсаң да барамын, тек осы пәлеге деген құмарлықтан арылсам екен дедім.

Сол Анонимді алкоголиктер Достастығының алғашқы есігін ашқан күнім есім де, 21 ші шілде 2018 жыл, міне содан бері 2 жыл уақыт өтті, мен арақ атаулысын аузыма алған емеспін, ойым да, санам да тазарды, білмеймін қандай күштің арқасы, бір түсінгенім өмір бойы іздегенімді осы Анонимді алкоголиктер Достастығынан таптым, өзім көзіммен көріп, құлағыммен естіп, осы жердегі топ мүшелері кезінде өзім сияқты қиналып келіп, қазір саулық мерзімдері  алды 8 жыл, бұл жерде АА Достағының ашылғанына да 8 жыл екен, басқа жұртты  айтпаған да, осы жерге келгелі өмірім  180 градусқа жақсы жағына өзгерді, өмірге деген құштарлығым артты, көзім де бір 15 жыл деп айтсам өтірік айтпаймын, оты жоқ та, от пайда болды, АА Достастығының  Күшінің арқасында  өзіме дегесыйластық, сыйластық пайда болды. Жаратқан Тәңіріме алғысым шексіз, қызым ізденіп, маған көмектесем деген ниетінен айналдым, әйтпеген де менің өмірім не болар еді. Өз басымнан өткен өткен тәжірибеммен бөлісіп, мен сияқты адасып, сұм арақтың шырмауынан шыға алмай жүрген бауырларыма айтқым келеді, «Бұл ауырудан шығу жолы бар» тек телефон арқылы, не болмаса, сайт арқылы хабарласып келуіңізге болады, біздің қазаққа тән  мінез, ұялшақтық, ұялмаңыздар, тағы да айтам,, ауыруын жасырған өледі дейді, сондықтан, хабарласыңыз, келіңіз

Қазір пандемия кезін де карантин де отырсақ та, әртүрлі онлайн топтарға кіруіңізге болады, мен қазір алкоголикпін деп ұялмай айтамын, менің тәжірибеме қарап бір отбасы, не бір адам аман қалса мен үшін бақыт, ААға келіп жан тыныштығын таптым. Бұл жер де бір қызығы ешқандай ақша қажет емес, тек өзіңнің шынайы қойғым келеді деген ниетің, оның үстіне рухани байлыққа ие боласыз. Алла жар болсын!

Шынар АА г. Нұр-Сұлтан

Author