Менің есімім Ера, 5 жыл 9 ай саумын.
Мен алкогольмен 10 шы сыныпта таныстым. Алғашқы ішкенім есімде, ол
класстастарыммен мектептен кейін сыра ішкенім. Сыра заводы мектепке жақын
орналасқан болғандықтан, біз сол жерден сыраны сатып әкеліп, бәріміз іштік. Алғашқы
ішкендегі әсер есім де қалыпты, өзімді өте жеңіл сезіну, бостандық сезімі, басым бір
эйфориялық айналуда, тілім шешіліп, және арқам да бір қанат біткендей күй кештім. Сол мезетте менің қолымнан бәрі келетін сияқты көрінді. Сол ұнаған сәтке қайта оралу үшін, мен қайта-қайта ішімдік іше бастадым.
Студенттік кезім де ішімдік ішу жиілеп кетті. Ал үйленгеннен кейін, тіпті дәстүрлі әдетке айналды. Қызу жастық пен денсаулықтың баршылығынан жолдастардың арасын да ішкілікті көбірек ішу, және кештің аяғына дейін масаңсымаудан, мен бірінші орын алатынмын.
Сол кезде мен «бұл арақ мені жеңе алмайды» деп ойлайтынмын. Бірақ бұл «жасыл
жылан» бойымды қалай билеп алғанын, сезбей де қалдым.
Қызметке орналасқаннан кейін, тіпті жиілеттім, бәріңіздің өміріңіздегідей қызметтестердің туылған күні, есеп беру мезгілі, бір зат сатып алсақ, премия алсақ, қалғанын өздеріңіз білесіздер.
Менің арақ ішкендігім отбасыма қатты әсерін тигізді. Мен жұмыстан үйге кірген кезім де, балаларымның көзін де, үрей, қорқыныш болатын «бүгін әкеміз қандай күйде келеді екен» деп. Әйелім маған көңіл аударуды қойды, кешкілікте «қайда жүрсің» деп іздемейді, менің ішкеніме мән бермегендей сыңай танытты. Сол кездер де мен қатты ойлана бастадым, Мен отбасымнан алшақтап бара жатқанымды, арақ жақсылыққа апармайтынын, отбасымнан айрылып қалатындай сезім де болдым.
Бір де құлағыммен шалыс естіп қалғам, қалада анонимді алкоголиктер тобы бар деп,
адамдарға алкогольді жеңуге көмектеседі екен деседі. Бар күш-жігерімді жинап, бардым, бұл 2016-шы жылдың мамыр айы болатын. Міне сол кезден бүгінгі таңға дейін саумын, ішімдік ішпеймін, топқа барып, қатысып жүрмін.
Басын да тек топтарға барып жүре бердім, ал ол жердегі анонимді алкоголиктер
достастығының топтан бөлек тағы да құндылығы керемет 12 қадамдық рухани
бағдарламасы бар екенін айта отырып, осы бағдарламаны өтпеу үшін, әр түрлі
сылтаулар ойлап табатынмын. Топ мүшелерінің кейбіреулерінен естісем, 4-ші қадамда
ішіп кетеді, ол жер де ішкі дүниедегі өкпе, наз, реніш, қорқынышпен жұмыс істеу, мен деол дүниенің бәрі толып жатыр, сондықтан ауыру басым бағдарламаны өтпеудің амалын іздеп, неше түрлі ойлар, терезе қақпайлар ашып қоятын. Бұл менің бағдарламаны түсінбегендігім, түсінгім келмегендігі сонша, әрекет жасамадым. Қазір ойласам, мүмкін мен өз бойымдағы мінез құлқымның кемшіліктерін көргім келмеген сияқтымын. Себебі менің бойымда менменшілдік, эгоистік қылықтар арнасынан шығып жатқан кез. Топқа келіп жүрген топ мүшелерінен өзімді жоғары санадым, бұл жердегі «араққұмарлар » маған нені үйретеді деп ойладым, топ мүшелерін еш қабылдамадым. Топқа келем ішкі дүниемдегі өзімді аяушылыққа толы әңгімеммен бөлісіп, кете барам, сөйтіп ішімді босатып аламын эгоистік тұрғы да. Ал мінез құлқым, сол бәз баяғы қалпы, еш өзгермедім, тек ішпегендігім болмаса. Тістеніп жүріп біраз жыл топқа қатысып жүрдім.
Әйелім 12 қадамдық бағдарламаны өтуге ақыл берді «әйеліме сендім «, топ мүшелеріне сенбей, қазір күлкім келеді, адамдарға деген сенімділік болмағаны ғой, бұл да менің кемшілігім.
Қазір Құдайға шүкір деп айтамын, жанашыр, балаларымның анасын тыңдасам да,
бағдарламаны тәлімгермен толық өттім. Бағдарламаны қалай бастадым, мен де Жоғарғы Күшке деген сенім пайда болды, бұрындары Құдайдан алыс жүретінмін, сенімсіздік көп болатын. Осы 12 қадамдық бағдарламаны бойыма сіңіру арқылы, Жоғарғы Күштің көмегімен, мінез құлқымдағы кемшіліктерді байқап, оны мойындап, уақытын да жақсы жаққа өзгеруге, жоюға тырысып жатырмын. Маған оңай емес қалыптасып қалған дүниелерден арылу, бірақ әрекет етуге тура келеді. Әрекет етпесем, менің ауыруым қайтадан жеңіп кетуі мүмкін.
Таң азанмен алғыс айтам Жоғарғы Күшке, мені анонимді алкоголиктер достастығына
әкелгені үшін. Осы АА достастығына қызмет ете жүріп, бұрынғы қызмет статусымды
ойласам, өзімді танымай қаламын. Наркология диспансеріне барып, сол жер де
ауыруымнан жазылам деп жүрген, бауырларыммен өмірлік тәжірибеммен бөлісе отырып, АА достастығына келіп, тегін сауығыңдар деп шақырамын. Басқа қалаларға барып топтар да тәжірибеммен бөлісемін, бағдарламада бұл 12-ші қадам деп аталады.
Осылай өз араққұмарлықтан сауығу тәжірибеммен бөлісе жүріп,мен өзімді қоғамға
пайдалы болып жүргендей сезімдемін, және Құдайдың алдында осы өмірге келген бір
миссиямды орындап жатқандаймын, ылайым солай болғай деп тілеймін Жоғарғы
Күштен.
Қысқаша, осындай менің өмірім, біреуге болмаса біреуге менің өмірлік тәжірибем ой
салар, жол көрсетер жол іздегенге, алғашқы рет бөлісуім, өзімнің ауыруым, одан айығуым ақиқат, тәжірибем әлі аз, оның үстіне журналист емеспін, әдемілеп жазатын, шын ықыласыммен жаздым. Рахмет.

Автор