Маскүнемдік деген:  Ата-ана үшін, ақталмаған үміт,
Жар үшін-жылаумен өткен ғұмыр,
Балалар үшін- ол бақытсыз балалық шақ,
Достар үшін- ол адасқан тағдыр,
Ал қоғам үшін-ол жоғалған адам, не істеу керек,,ішпеу керек,_ деп Бейсен Құранбек бауырым айтқандайын, қанша ащщы болса да, ол шындық.
Мен өз басым араққұмар маскүнем болып кетпеген де, басымнан бұл жағдай өтпеген де, мен еш маскүнемдікке шалдыққан,,, қу арақтың»шырмауынан шыға алмай жүрген бауырларымның қалін түсінбес едім. Егер құлақ салып тыңдасаңыздар, мен өз басым, әйел заты бола тұра, осы,, сұм, қатыгез арақтың, шырмауына қалай ілігіп, одан шыға алмай, жеңе алмай 15 жылдан артық уақыт күрескенімді, және,, шығар жол бар» екені туралы, азып тозып, қиналып жүрген қандастарыммен бөліскім келеді.
Менің есімім Айгүл, жасым 50 де, үш балам бар, қазіргі кезде Нұр Сұлтан қаласын да тұрамын,.
Балаларымның әкесінен 28 жасым да осы арақтың қырсығынан ажырасқам,(ол кезде жолдасым қатты ішкен), шыдай алмай, балалардың болашағын ойлап, басқа қалаға көшіп кеткем. Сол кезде арақ ішкен адамды көрсем, жек көріп, жиіркеніп қарайтынмын, өзім арақты ауызыма алмайтыныма 100%сенімді болдым, бірақ өмір де ойлағаныңдай болмайды екен..
Отбасымның шырқы бұзылғасын, балаларымның қамын ойлап, пәтер жалдап, анамды елден алып  келіп, балаларымның жанында қарайласуға отырғызып, өзім белімді бекем буып, ерге бергісіз еңбекқорлығыммен базарға, сауда саттық жасауға араласып кеттім. Алғашқы 5 жыл, балаларымның алдындағы жауапкершілігімнің арқасын да еңбегім жанып,3 бөлмелі пәтер сатып алып, кішкентай сауда орным үлкен көтерме сауда орынға айналған кез де, мен ішімдік ішіп үйрендім. Басын да ішкен кез де ішіңе жылу барып, көңілің көтеріліп, еңбекқорлығың артып, шаршағаның басылғандай күй кешетінмін, кейін кейін ішкілік ішу күнделікті әдетке айналды, бам жазуды үйрендім, көп ұзамай араққа тәуелді бола бастағанымды сездім. Оған себеп, соңғы 12 жыл да отбасымның шырқы әбден бұзылды, анамның, балаларымның, жанашыр әпке, аға бауырларымның,,, енді іш пе, бұл саған жақпайды, абырой  әпермейді «деген сөздерін естісем де, өзімді қолға ала алмадым. Ертең ішпеймін деп сөз беремін алдарын да, ал былай қарай шыққасын, миымдағы мақұлық іш іш деп тұратын, балаларымнан арақ қымбат болып көрінетін жағдайға жеттім, Құдай сақтасын.,, Сұм арақты»  жеңемін деп, бармаған жерім, баспаған тауым қалмады, емші, балшы, наркология ауыруханасы, кодирование,(неше мәрте), туғандарым Қорғанға монастырьға да апарды, қойғызамыз деп, мешітке имамдарға жүгіндім,(дұғалармен су оқытқызып алып іштім, кіші қызымның ақылымен бір ай ораза ұстап, намазға жығылдым,(білмеймін ниетім дұрым болмағандықтан,) 5 айдан кейін бөтелкелес ескі досыммен кездесіп, тағы  ішіп кеттім, сұмдық ай. Әр ішкен сайын  өзімнен өзім  шоши бастадым, аузы ма 50 гр. тисе, апталап, тоқтай алмайтын жағдайға жеттім, құлқыным қашан тояды, деп жылайтынмын. Арақтың алдын да дәрменсіз  күй кештім, қасықтап жинаған абыройымды шелектеп төктім. Бұл ащщы шындық.
Соңғы  ішкенім 8 күнге созылды, балаларым менен теріс қарап кететін жағдайды сезіп, оның  үстіне өлетін ғана қалым қалды, ұят ай арақтан өліпті деген  атақпен өлетін болдым ғой, деген оймен үлкен қызыма бардым, ол отбасылы, күйеу баладан ұялсам да, ұяттың бәрін ысырып  қойып, ата бабамыз айтқан ғой,,,  Ауыруын жасырған-өлер «деп,.Қызым кезінде американдық кино көрген екен, анонимді алкоголиктер туралы, сол есіне түсіп, ізденгенінің арқасын да бізде Қазақстанның әр қаласын да, Анонимді алкоголиктер достастығы ашылғандығы, проблемасы бар әр алкоголик келіп сауығуына болатынын естіп телефон арқылы,  менен сұрады, барасыз ба деп, мен әрине барамын дедім, себебі  өмірім,, қыл үстінде тұр»  . Сол күннен бері 2жыл 5 ай уақыт өтті, Анонимді алкоголиктер достастығына келіп менің көзім ашылды, алғашқы анонимді алкоголиктер  достастығының есігін ашқалы, менің миымдағы,, іш іш «деп отырған мақұлық кетті, қандай  күштің көмегі екеніне әлі таңғаламын. Жоғарғы Күшке алғысым шексіз, қызым арқылы осы достастыққа жол көрсеткені үшін, мені сондай қиын жолмен осы жолға әкелгені үшін. Қазір әрбір сағатымның, әрбір минутымның қадірін білемін, айналамдағы, алдымдағы барымды бағалауды, бүгінгі күнмен ғана өмір  сүруді осы Анонимді алкоголиктер достастығы арқылы жаңа өмір, жаңа көзқараспен өмір сүріп жатырмын, Аллаға сансыз алғыс айтамын. Ешқандай секта емес екендігіне, бұл жерден тек рухани азық алатыныңа 100 %кепілділік беремін.
Қиналып шығар жол таппай,, қу арақтың» құрсауынан шыға алмай жүрген бауырларыма қандастарыма айтқым келеді, шығар жол бар, ол Анонимді алкоголиктер достастығы
Ұялмаңыздар, хабарласыңыздар, келіңіздер, аптаның әр күні достастықтың есігі ашық, сіздерге қол үшін беруге даяр.
Өмір Құдайдың берген сыйы, соны бағалай  білейік, ағайын.
В связи с усилением карантина в РК, группа АА,, Есиль» с  30 июня 2020 года переходит на онлайн режим и будет работать через приложение Skype по вторникам и пятницам с 20-00 до 21-00 часов.
Ссылка на группу в Skype https://join.skype.com/pHD56oJ3A9ko
Author